Қызылорда. Өткен жылы Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда екі жаңа клуб пайдалануға беріліп, бір осындай мәдени ошақ күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл жөнінде бізге қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев мәлім етті.
Сала басшысының айтуынша қазір қалаға қарасты 3 қалалық, 1 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клуб, 1 жабық зағиптар клубы, 1 халықтық ұжым, 1 эстрадалық оркестр, 1 қалалық мәдени-демалыс паркі, 8 ауылдық, 13 қалалық кітапханалар, барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Қалалық клубтық мекемелер бойынша 54 шығармашылық көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасап, оған 579 өнерпаз қамтылған. Үйірмелер: домбыра, би, бейнелеу өнері, ән үйрету бағыттарында ұйымдастырылған. Былтыр 609 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 201 мыңнан астам көрермен қатыстырылған.