
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау мүшелері республикалық желілік кестеге сәйкес, қаламыздағы орталық аялдамалардың санитарлық тазалығын бақылау мақсатында рейд жүргізді.
2017 жылдың 03 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері мен «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекеме қызметкері Төленов Арман Тнейбекұлы және «Қызылорда Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары Марат Тұрсынбеков пен бірлесіп Қызылорда қаласында орналасқан бірнеше халыққа қызмет көрсететін аялдамалардың санитарлық тазалығы мен халық тасымалдайтын көліктердің жағдайларымен танысты. Рейд мақсаты аялдамалардың тазалығы, аялдама талаптарының сақталуы және сыйымдылығын бақылау.
Рейд барысында қаламыздағы «Айтбек», «Сыбаға», «Сұлтан», «Атамекен» базарларының маңы мен Әйтеке би және Тоқмағанбетов көшелерінде орналасқан аялдамаларды аралап, тазалығы мен сыйымдылығымен танысып қайтты.
Бұған қосымша, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері алдағы уақытта жаңадан салынатын аялдамаларда тасымалдаушы көліктердің жүру бағыттарын айқындайтын кестелердің ілінуін қадағалау жоспарлануда.