
1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы және чемпионаты өтті.
Бес күнге созылған жарыста Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, 150 зілтемірші қатысып, кімнің мықты екені анықталды. Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшығаақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысының командасы екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды еншіледі.
Ал әйелдер арасында Алматы қаласы жеңімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді.
Сондай-ақ, жерлестеріміз Рүстем Сыбай мен Әсем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:
48 келі әйелдер:
1. Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80)
2. Гүлнұр Ыбырай (Алматы) - 126 (57+69)
3. Наталья Бедрик (Алматы) - 125 (57+68)
53 келі әйелдер:
1. ӘселАмангелді (Алматы қ.) - 175 (78+97)
2. Александра Лачкова (Алматы) - 163 (76+87)
3. Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62+80)
58 келі әйелдер:
1. СәулеСәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110)
2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 183 (83+100)
3. Мадина Астамирова (ШҚО) - 180 (82+98)
63 келі әйелдер:
1. Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110)
2. Екатерина Долгих (ШҚО) - 165 (70+95)
3. Елизавета Белоусова (ШҚО) - 160 (70+90)
69 келі әйелдер:
1. Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120)
2. Анжела Чалкарова (Алматы) - 193 (85+108)
3. Екатерина Быкова (ШҚО) - 178 (78+100)
75 келі әйелдер:
1. Раушан Мешітханова (Алматы қ.) -212 (102+110)
2. Диляра Пржанова (Қызылорда) - 152 (67+85)
3. Анеля Сумбембаева (ШҚО) - 146 (65+81)
90 келі әйелдер:
1. Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100)
2.Нұрай Касеналы (Алматы қ.) - 143 (65+78)
3. Индира Кеңесбекова (Қызылорда) - 137 (58+79)
+90 келі әйелдер:
1. Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135)
2.Айзада Мүптілда (Алматы қ.) - 236 (101+135)
3. Данагүл Исапа (Алматы қ.) - 195 (85+110)
56келі ерлер:
1. Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115)
2. Аян Байзаков (Қостанай) - 202 (87+115)
3. Рахат Бисембаев (ШҚО) - 187 (81+106)
62 келі ерлер:
1. Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150)
2. Әділбек Балхаев (Қызылорда) - 259 (124+135)
3. Ерболат Жоламанов (Қызылорда) - 237 (105+132)
69 келі ерлер:
1. Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160)
2. Александр Ким (Алматы қ.) - 264 (123+141)
3. Айдос Тұрсынбай (Қызылорда) - 260 (120+140)
77 келі ерлер:
1. Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182)
2. Айдар Казов (СҚО) - 325 (140+185)
3. Андрей Снегуров (Қарағанды) - 299 (134+165)
85 келі ерлер:
1. Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182)
2. МедетДжундубаев (Алматы) - 308 (138+170)
3. Кирилл Староверкин (Қарағанды) - 290 (136+154)
94 келі ерлер:
1. Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185)
2. Аят Әмірбеков (Қызылорда) - 330 (145+185)
3. Дәулет Мырзахметов (Алматы қ.) - 315 (140+175)
105 келі ерлер:
1. Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211)
2. Алихан Шайхиддинов (ОҚО) - 341 (155+186)
3. Ильдар Миннияров (Қостанай) - 330 (145+185)
+105 келі ерлер:
1. Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197)
2. Евгений Колесников (ШҚО) - 285 (125+160)
3. Игорь Полозов (ШҚО) - 263 (113+150)