Бүгінгі таңда Қазақстанның жеті облысында «Жасыл» технологиялар орталығы қызметіне кірісті. Осындай орталықтардың бірі «Жасыл жобалар алқасы»орталығы Қостанай қаласында жұмыс жасайды. Қазіргі күні аталған орталық Қостанай облысында жасыл технологияны тарататын және пайдаланатынтәжірибе алаңы болып саналады.
Іске қосылған нысанда ЖЭК енгізу және жаңғырту бастамасын кәсіпорын басшысы Галина Шнайдер көтергенін айтып кеткен жөн. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында осы тектес орталықтар іске кірісті. «Жасыл жобалар алқасы» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті- аудандардың қолайлы географиялық орналасуын есепке алып, жасыл қуатты енгізу мен дамытудың тұрақты аймағын құру. Бұл негізінен Астана-Пекин-Мәскеу қалаларының жолдарының торабында орналастырылады. Біздің мақсатымыз- инновациялық жобалардың кеңейтілген технологиялық платформасы ретінде бекітілу болып табылады»,-деді Галина Шнайдер.
Сондай-ақ, Галина ШнайдерОрталықтың қол жеткізген жетістіктерін де атап өтті. «Бұл Жасыл жобалар алқасы» ЖТО аймағында қуатты және суды үнемдейтін технологияны енгізу мен қолдану, Қостанай облысының аймағында жасыл технологияларды енгізу мен қолдану жұмыстарымен айналысатын жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың бірыңғай ақпараттық қорын әзірлеу»,-деді ол.
Бүгінгі таңда 5 серіктес компания бизнес нысанда қуаттың инновациялық технологиясын және баламалы қуатты қолдану әдістерін көрсетуде. Галина Шнайдер «Жасыл жобалар алқасы» ЖТО жаңғырту есебінен 2 млн теңге қаражат үнемделгенін жеткізді.