Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесін тойлады

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесін тойладыДостық үйінің концерт залында дәстүрге айналған – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Салтанатты кеште облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, татар этномәдени бірлестігінің ақ жаулықты аналарын марапаттады. «Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы құтты болсын! Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
«Достық пен ағайындық байлықтан қымбат» демекші, тарихымыздың деректері көрсетіп отырғандай, қазақ пен татар халықтары бір-бірімен 400 жылдан бері араласып келеді.    Сонымен, төзімділік пен сенім, ұлттық дәстүрді қастерлеу, мұның бәрі – бірлігіміз бен тірлігіміздің нығаюының кепілі. Көк туымыз желбіреген тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті келешекте жалғасын тапса, біздің халқымыздың қалтқысыз достығы мен туыстығы түбі бір тайпадан тарағанымыздың айғағы ретінде ғасырлардан ғасырларға жалғаса бермек»,-деді.
Аталмыш шара татар этномәдени бірлестігінің негізін қалаушысы Нағима Ахмадееваның туған күнімен қатар тойланды. Айта кету керек, өткен жылы қаладағы №112 орта мектебіне Н.Абдулқызының аты берілген болатын.
Бірлестік тарапынан үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған аталмыш шарада 5-13 жасар балалар концерт қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шарада татар этномәдени бірлестігінің ақ жаулықты аналары облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысының, Дүниежүзілік татарлар конгресінің, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілінің және Қазақстандағы татар және башқұрт қауымдастығының президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесін тойладыШұғылалы көктемнің алғашқы мерекесін тойлады
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесін тойлады
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 наурыз 2017 г. 614 0