АҚТӨБЕ ҚАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ

АҚТӨБЕ ҚАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕОсы аптада Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филар-мониясының қазақ камералық хоры өңірге гастрольдік сапар¬мен келіп, киелі өнердің мәртебесін биіктеткен кеш ұсынды.
Көршілес облыстардың мәдени байланысын нығайту мақсатында ұйым¬дастырылған кеште өнер ұжымы "Елім-ай”, "Илигай”, "Он алты қыз” секілді халық әндерін жеке дауыста әнші Серік Жұбатқан нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, Е.Хасанғалиевтің "Сәулем”, Д.Сүлеевтің "Қуанышым менің”, Д.Әбдінұровтың "Қуырмаш” және орыс халық әндерін ақтөбелік өнерпаздар тамылжыта шырқап, көп¬шіліктің ықыласына бөленді.
Айта кетейік, аталған камералық хор – еліміздегі іргелі хор ұжым¬-дарының бірі. Репертуары үнемі жаңа туындылармен толығып, ұжым жыл өткен сайын шығармашылық шабытпен жұмыс жасауда. Халықаралық, республикалық додаларда да топ жарып түр. Бұған дейін олар халықаралық "Жұбанов көктемі”, "Астана ән қанатында” хор музыкасы фестивальдерінде жүлделі орынды қанжығалаған болатын.
 
М.СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 наурыз 2017 г. 535 0