Татулықты тілеген ел

Кеше Қазақ-түрік лицейінде «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиын барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған құттықтау хаты оқылды. Басқосуда шетелдік ғалымдар оқушыларға қазақ жұртының қонақжайлығын баяндап,  бейбіт мемлекетте қызмет атқару бақыт екенін мақтанышпен жеткізді. 
– Мен үшін қазақ жері – құт мекен. Сондықтан ұлтым татар болса да, әрдайым өзімді «қазақпын» деп айтып жүремін. Қазір елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мұның өзі қазақтың қонақжай халық екенін білдірсе керек. Бала кезімнен қазақ балаларымен бірге өстім. Сыныптастарым да «өзге ұлт өкілісің» деп бөліп қараған емес. Мен жолықтырған әрбір қазақтың жақсылығын сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.Мен дархан елді дәріптеске ықыластымын, – деді  биология пәнінің мұғалімі Рустам Абдурасипов.   
Мұнан соң түркиялық, филиппиндік ғалымдар да қазақ жерінде, оның ішінде Сыр елінде абыройлы еңбек етіп жүргендерін мақтанышпен жеткізіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ, оқушылардың арнайы бейнероликтері көрсетілді.  

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2017 г. 819 0