Ұлыбритания өз павильонын қабылдап алды

Ұлыбритания өз павильонын қабылдап алдыЭКСПО-2017 Халықаралық қатысушылары жиналысының екінші күні барысында Ұлыбритания Павильонын тапсыру өтті. ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлыбритания Ұлттық комиссары, профессор Чарльз Хендри және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары  Әлішер  Пірметов павильонның қабылдау-тапсыру актісіне қол қойды. 
Ұлыбритания павильонының тақырыбы: «Біз – энергиямыз» (We are Energy). Оның негізінде адамның энергия өндіру және әлемді өзгерту қабілеттері жатыр. Адам біз тұтынатын энергия үшін өзіне  үлкен жауапкершілік алады және энергетикалық тиімділікті жақсарту және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті шешімдерді жасауға жәрдемдесуге дайын.
Ұлыбритания павильоны біздің өмір сүруімізді және біздің қоршаған орта¬мен коммуникацияны өзгерткен британдық инновациялар мен жаңалықтарды көрсетеді, сондай-ақ келушілерге болашақ материалы – графенмен танысуға мүмкіндік береді. Қалыңдығы бір атом аталған бірегей екі өлшемді материал алғаш рет Манчестер Университетінде 2004 жылы алынды. Осы жаңалықтан соң 6 жылдан кейін британдық ғалымдар Нобель сыйлығына ие болады.
Павильоннның шарықтауы киіз үйдің бірегей сәулетінің әсерімен құрылған орталық құрылым болады. Бұл құрылымда инновациялық дизайн, сондай-ақ заманауи инженерлік, ғылыми, музыка және жарық шешімдер жүзеге асырылады. 
Үш ай ағымында павильон келішулерін іскерлік, мәдени және ғылыми іс-шаралар күтеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2017 г. 866 0