Семинар сабақ өтті

Семинар сабақ өттіҚызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңына байланысты семинар сабағы өткізілді. Іс шараға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов қатысты.  
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қоғамдық қатынастарды реттейтінін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғанын айтып, заңдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарына, мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайлы айтып өтті.
Семинар соңында сот төрағасы А.Дәуренбеков судьялардың пікірлерін тыңдап, жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жұмыстарын одан әрі күшейтуді, судьяларға тараптармен олардың өкілдерімен процессуалдық емес қатынастарға бармауды қатаң тапсырды.

Қызылорда облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2017 г. 916 0