Қызылордада мүгедек балаларға қамқорлық жасалды

Қызылордада мүгедек балаларға қамқорлық жасалдыҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде қайырымдылық шарасы өтті.
Қалаға қарасты Талсуат елді мекенінде орналасқан балаларды оңалту орталығында өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров қатысты.
Оңалту орталығында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында арнайы эстафета ойындары өтіп, балалар марапатқа ие болды.
Қасиетті Құранда «Алла жолында мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетеді» деп айтылған.
Осы орайда, аталмыш орталықтың бөлмесіне мешіт тарапынан татами, яғни арнайы балалар үшін күресуге арналған кілем, былғары қолғап киген балалар үшін соққылауға арналған қап және жаттығу құралы сыйлыққа табысталып, балалар қуанышқа бөленді.
Өз кезегінде орталық басшылығы мешіт ке зор алғысын жеткізді.
Жалпы аталмыш орталыққа жыл сайын мешіт тарапынан тұрақты қайырымдылық жасалып келеді.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, Арал аудандық орталық мешіті мен Талсуат ауылдық округіндегі «Ерназар мақсұм» мешіттерінің  атсалысуымен болған шара көпшілік көңілінен шықты.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2017 г. 721 0