Есірткі затын заңсыз сақтаудың тағы бір дерегі анықталды

Есірткі затын заңсыз сақтаудың тағы бір дерегі анықталдыАғымдағы жылдың ақпан айының 26 күні Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саптық бөліністері қызметкерлері есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау, тасымалдаудың тағы бір дерегін анықтады, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 26 ақпан күні түнгі сағат 23.00 шамасында полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық шаралар барысында іс-әрекеті күдік тудырарлық бір азаматты тоқтатып, тексеру кезінде күртешесінің қалтасынан қағаз қиындысына оралған жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі затын анықтайды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, белгісіз затқа сараптама тағайындалды. Нәтижесінде, салмағы 4,27 гр.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі бекітілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Егер де күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда, оған қатысты 200 айлық көрсеткіш мөлшерде айыппұл салу немесе 1 ай мерзімге дейін қоғамдық жұмысқа тарту шарасы қолданылады.

Ш.БЕКБАН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2017 г. 420 0