
Облыстық филармонияда Мүсілім Әмзенің дирижерлік етуімен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрінің концерті өтті.
Тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдауды мақсат еткен концертте Самал Байсейітова, Ғани Бекмұрзаев, Мақсұт Мақұлбеков секілді солистер әннен шашу шашты. Жыр десе, ішкен асын жерге қоятын Серік Жақсығұлов Ешнияз салдың "Дүрдараз”, Мұзараптың "Балымшасын” орындап көпшілікті тамсандырды. Оркестрдің орындауындағы Ермек Өміровтің "Ер Қосайы”, Ермұрат Үсеновтің "Шақшақ Жәнібек” поэмасы да ерекше әсерге бөледі.
Айта кетейік, Мүсілім Әмзе М.Төлебаев атындағы респуб¬ликалық "Алтын таяқша” дирижерлар конкурсының лауреаты, халықаралық Н.Тілендиев атындағы дирижерлар конкурсының дипломанты, "Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің ие¬гері атанған. Сондай-ақ, ол музыкасүйер қауымға "Ғасырлар пернесі”, "Сырлы саз”, "Көкбалақ” секілді жинақ дискілерімен таныс.