Мемлекеттік сатып алуға жауаптылар біліктілігін арттырды

Мемлекеттік сатып алуға жауаптылар біліктілігін арттырдыЖуырда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік сатып алу саласына жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.
Оған облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Т.Исмағұлов, басқарма және оған қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшылары, заңгерлер қатысты. «Мемлекеттік электрондық сатып алу» тақырыбында өткен жиында мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы қолдану бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Н.ТАСТЕМІР.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 442 0