Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дертіЕлбасы Н.Назарбаев әрдайым ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барша халықтың борышы екенін айтып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде қоғам дертіне қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.
Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр. Құзырлы органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде.
Экономикалық және қоғамдық негіздерін жаңғырту, түбегейлі өзгертулер тұсында сыбайлас жемқорлық қашан да қоғамға қауіп төндіретіндей дәрежеге көтеріледі. Мұндай кезеңдерде жемқорлықтың шабуылын жеңілдететін мәселелер – экономиканың құлдырауы, мемлекет институтының тиімсіздігі, заңнамалардың пәрменсіздігі тереңдей түседі. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен күрес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты.
Қорыта келгенде, сыбайлас жемқорлық секілді келеңсіз құбылыспен бітіспес күрес жүргізу – тек құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, ол барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.

Медет ШАХАНОВ,
облыстық әділет департаментінің
бас маманы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2017 г. 665 0