Қызылордада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Іскер әйелдер кеңесі және Еуропалық қайта құру және даму банкінің ұйымдастыруымен «Бизнестегі әйел» білім жобасы аясында әйелдер кәсіпкерлігінің апталығы өтуде.
Апталықтың алғашқы күнінде банк өкілі Әйгерім Қожанова – «Бизнесті еуропалық қолдау», «ПРЭКО Консалтинг Кызылорда» ЖШС директоры Мәдина Төлепова «Аға сеньорлар бағдарламасы» тақырыбын қозғады. «РетроАссист» компаниясының құрылтайшысы, «Сұлтан Сүйрік» компаниясының директоры Серік Сұлтанов тиімді бизнес процестері туралы айтса, «Сана-Сезім» орталығының директоры Раушан Базарбай бизнестегі психология, клиника ашу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Апталық барысында сән салоны, оқу орталығы, кондитерлік өнімдер кәсібі, ивент индустриясы және тағы басқа бағыттарда шеберлік дәрістерін өткізу қарастырылған. Мамандар жоспар жасаудың, гранттық бағдарламаға қатысудың да қыр-сырын үйретеді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.