Кел, оқырман оқиық!

Кел, оқырман оқиық!Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандар арасында «Кел, оқырман оқиық!» атты медиатаным ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: мерзімді басылымдар залына келіп түсетін әр түрлі басылымдармен таныстыру және қызықты, маңызды мағлұматтарды оқырмандарға насихаттау.
Шараға Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ә.Наурызбаева және №19-16 оқу тобы қатысты.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мерзімді басылымдар залына келіп түсетін халқымыздың салт–дәстүрін кеңінен насихаттайтын ұлттық-этнографиялық басылым «Дәстүр», Қазақстан театр қайраткерлері одағының Республикалық театртанымдық әдеби-көркем «Театр КZ», денсаулықтың құпия сырларын ашатын Республикалық педагогикалық әдістемелік «Валеология. Салауатты өмір салты» және National Geographic қоғамының ресми басылымы, төрткүл дүниедегі алуан-түрлі оқиғалар мен тылсым дүниелерді сипаттайтын «National Geographic Қазақстан» журналдарын кеңінен таныстырып, журнал беттеріне жарық көрген қызықты айдарлармен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 наурыз 2017 г. 530 0