Түсірілім кезінде денесін зақымдап алды

Түсірілім кезінде денесін зақымдап алдыОрталық коммуникациялар қызметінде өткен қазақстандық «Все из-за мужиков» комедиясының тұсаукесері барысында қазақстандық әртіс Данияр Алшинов «Все из-за мужиков» фильмнің желісі туралы баяндады.
«Фильмнің кейіпкерлері ретінде біз әйелдер әлемінің ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік алдық. Шынайы өмірде әйелдер әлеміне түсуге мүмкіндік алсақ, бас тартар едім. Өйткені, әйелдер әлемінде ер-азаматтардың табиғи сезімдерін жоғалтады. Ер-азаматтар әрқашанда өзге жігіттермен бәсекелес болуы қажет. Бәсекелес сезімі өте қызықты және өзін жақсы жағынан көрсетуге ынталандырады. Сондай-ақ, әйелдер әлемінде аңшының түйсіктерін жоғалтады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл өте қауіпті», - деді әртіс.  
Данияр Алшиновтың айтуынша, кино желісін түсіруде тізе буындарына зақым келген. 
"Районы"  фильмінің желісін түсіруде мен дене зақымын алдым. Төбелесу сәттері де орын алды, дегенмен реэиссер бетіңді аулақ ұста деді, бірақ бетім емес аяғымды ауыртып алдым. Аяғым ақсаңдағанмен түсірілімде білдітрпеуге тырыстым», - деді Данияр Алшинов.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2017 г. 440 0