«Все из-за мужиков» қиял-ғажайып кинокомедиясы демеушілер мен жеке инвесторлардың есебінен түсірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен фильмнің тұсаукесерінде фильмнің бас продюсері Александр Суслов хабарлады.
«Біздің киноның бюджеті-орташа. Қаражат көлемі ауқым да шағын да емес. Бұл жеке инвесторлардың, біздің жобаға қызығушылық білдірген адамдардың қаражаттары. Бұл жерде мемлекеттік байланыстың қатысы жоқ. Біз біздің жобаның демеушісі ретінде жарнама берушілерді тартты. Кассалық жинаққа келсек, уақыт еншісінде. Біз түсірген өз фильмімізге сенеміз. Жиналған аудиторияға ұнайды деген ойдамыз. Ал, «Логан» бізбен бірге шығады, жиналған аудиторияның жалғасын алып кетеді деген сенімдемін. Менің ойымша, тек бізді ғана таңдайтын өз аудиториямыз болады деген ойдамын. Біз голливудтық жобаның қатарларының бірінде тұрмыз»,-деді фильмніңпродюсері.
Естеріңізге сала кетсек, 2 наурыз күні еліміздің экрандарында фильм көрсетіледі. Фильмнің желісі Астана қаласында болады.Үш жас жігіт өмірлерінде әйелдер әлеміне түсу мүмкіндігіне ие болады.Әйелдер қауымы оларды қолдан қолға түсірмей, бар жағдайларын жасап, армандарын орындайды. Дегенмен жас жігіттер бұл жұмаққа бір келісіммен келгендерін түсінеді, ендігі кезекте әйелдердің бар армандарын орындау қажет болады.