Қос боксшы жүлдені көбейтті

Қос боксшы жүлдені көбейттіСофияда (Болгария) бокстан өткен «Странджа» атты халықаралық турнирде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. Қазақстаннан 7 спортшы қатысып, тек Сыр елінің боксшылары ғана өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.
75 келі салмақта сынға түскен Тұрсынбай Құлахметов финалда болгар спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал + 91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдені еншіледі. 
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындады. 
Спортшылар алдағы уақытта Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. 
Қос боксшы жүлдені көбейтті
Қос боксшы жүлдені көбейтті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2017 г. 490 0