Тұрақтылық пен татулық

Тұрақтылық пен татулықӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1-Наурыз – Алғыс айту күніне орай, «Тұрақтылық пен татулықты тұмар еткен Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін , әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым», «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем – Қазақ елі», «Алғыс айту –ізгіліктің белгісі», «Алғыс айту күні – аға ұрпаққа құрмет» атты бөлімдерден тұратын көрмеге: ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атына келіп түскен үндеулер мен құттықтаулар кітабы «Ақ тілектер ағыны», Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», «Двадцать лет АНК: Одна страна-одна судьба», М.Несимовтың «Қалыптасқан Қазақстан – елбасы саясатының жемісі», «А.Сужикованың «Менің Отаным-Қазақстан», А.Қалыштың «Қазіргі Қазақстандағы этникалық және этномәдени процестер», Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры», «Көп түрліліктегі бірлік», Қазақстан халқы Ассамблеясы-ел тарихында»(екі тілде), «Қазақстан халқы ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995-1997жж.), Д.Қ.Қыдыралиевтың « Жерұйық», т.б. жалпы саны 71 дана кітап пен журнал, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, фотосуреттер қойылды. Көрмеге жоғарғы оқу орындарының студенттері мен тұрақты оқырмандар, кітапханашылар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2017 г. 503 0