Үздік ауыр атлеттер жиналады

Үздік ауыр атлеттер жиналады1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионаты өтеді. Оған Астана, Алматы қалалары  мен  облыстардан 16 команда  200-ден аса спортшы 16  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. 
Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды  іріктеу сыны болып табылады. 
Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі. 
Жарыстың басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да «Евразия» спорт кешенінде. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2017 г. 459 0