Елімізде биыл көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік органдардың ресми өкілдері мен баспасөз хатшыларының қатысуымен апта сайын өткізілетін брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі әзірге белгісіз, себебі, әр облыс өздеріне қажетті жанармай көлемін көрсетіп, анықтама жібереді. Соған байланысты көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі мен оның бағасы белгіленетін болады.
«Жалпы, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 166 мың гектарға көп», – деп атап өтті Ж.Әбдіхалық.