Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы брифингінің барысында Польшадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевтың жағдайы бойынша түсініктеме берді.
«Елші бойынша іс Елбасының қарауына жіберілді. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша ақпарат әзірге жоқ. Қолға ақпарат жеткен бойда сіздерге міндетті түрде хабарлайтын боламыз», -д еді СІМ.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 ақпанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Комиссияның отырысы өткен болатын. Отырыс нәтижесінде Мемлекет басшысының атынаӘбибуллаевқа қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынысын енгізушешімі қабылданды.