Монғолиядағы ақбөкендердің жаппай індеттері Қазақстанда мекендейтін жануарларға қауіп төндірмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы брифингі барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық хабарлады.
«Монғолияда орын алған ақбөкендердің індеттері Қазақстан үшін қауіпті емес. Бұл ақбөкендердің түрлері біздің елдің аймағында қоныс аудармаған. Қазіргі таңда тек ресей мен өзбекстандық ақбөкендер қоныс аударуда. Бұл туралы ресми хабарлаған да едік», - деп түсіндірді АШМ.