«Оскар-2017» жүлдегерлері анықталды

«Оскар-2017» жүлдегерлері анықталды Лос-Анджелесте Dolby Theatre ғимаратында (АҚШ) Американың Кинематографиялық өнер және Ғылым академиясының атақты «Оскар» марапатын тапсыру рәсімі өтті. Онда кино саласындағы 24 номинация бойынша үздік кинотуынды авторларына Академия марапаты табысталды, - деп жазады "Қазақпарат".
Салтанатты кеш 220 мемлекетке тікелей трансляцияланды. Жүлдегерлердің толық тізімі: Үздік фильм - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» Демьен Шаззел - режиссер). Үздік режиссерлік жұмыс - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Демьен Шаззел - режиссер). Үздік актер - Кейси Аффлек. «Теңіз жанындағы Манчестер/Манчестер у моря» (Ли Чандлер рөлі үшін). Үздік актриса - Эмма Стоун. «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Мия Долан рөлі үшін). Екінші пландағы үздік ер адам рөлі - Махершала Али. «Ай сәулесі/Лунный свет» (Хуан рөлі үшін). Екінші пландағы үздік әйел рөлі - Виола Дэвис. «Қоршаулар/ Ограды» (Роуз Максон рөлі үшін). Үздік бастапқы сценарий - «Теңіз жанындағы Манчестер/Манчестер у моря» (Кеннет Лонерган - сценарий авторы).   Үздік бейімделген сценарий -- «Ай сәулесі/Лунный свет» (Барри Дженкинс пен Тарелл Элвин МакКрейни - сценарий авторлары). Үздік анимациялық толықметражды фильм - «Жануарлар мекені / Zootopia» (Байрон Ховард, Рич Мур және Кларк Спенсер). Шетел тіліндегі үздік фильм - «Коммивояжёр / فروشنده /Forushande» (Иран, реж. Асгар Фархади). Фильмге жазылған үздік музыка - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Джастин Гурвиц - композитор). Фильмге жазылған үздік ән - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Әні: Джастин Гурвиц, сөзі: Бендж Пасек пен Джастин Пол). Үздік монтаж - «Арға жүгіненде/По соображениям совести» (Джон Гилберт - монтаждаушы). Үздік операторлық жұмыс - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Линус Сандгрен - кинооператор). Үздік суретші жұмысы - «Ла-Ла Ленд/ City of Stars» (Дэвид Уоско - қоюшы, Сэнди Рейнольдс-Уоско - сәндеуші). Үздік дыбыс - «Арға жүгінгенде/По соображениям совести» (Кевин О'Коннелл, Энди Райт, Роберт Маккензи және Питер Грейс). Үздік дыбыс монтажы - «Келу/Прибытие» (Сильвен Бельмар). Үздік костюм дизайны - «Фантастикалық құбыжықтар және олардың мекені/ Фантастические твари и где они обитают» (Коллин Этвуд). Үздік виуалды әсер - «Джунгли кітабы/Книга джунглей» (Роберт Легато, Адам Валдез, Эндрю Р. Джонс және Дэн Леммон). Үздік грим мен шаш үлгілері - «Жанкештілер жасағы/ Отряд самоубийц» (Алессандро Бертолацци, Джорджо Грегорини және Кристофер Нельсон). Үздік толықметражды деректі фильм - «О. Джей: Америкада жасалған/ O.J.: Made in America» (Эзра Эдельман және Кэролайн Уотерлоу). Үздік қысқаметражды деректі фильм - «Ақ дулығалылар / The White Helmets» (Орландо фон Айнсидель және Джоэнна Натасегара). Үздік қысқаметражды көркем фильм - «Ән сал / Mindenki (Кристоф Дек және Анна Удварди). Үздік анимациялық қысқаметражды фильм - «Құмдауық / Piper» (Алан Барилларо мен Марк Сондхаймер).
Дэмьен Шазеллдің «Ла-Ла Ленд» мюзикл-фильмі ұмытылған жанрды қайта тірілткені үшін ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол қатарына 14 номинация бойынша Оскар жүлдесіне үміткер атанып, 1951 жылы шыққан «Бәрі Ева туралы» картинасының және 1998 жылғы «Титаниктің» жетістіктерін қайталады. Нәтижесінде, «Ла-Ла-Денд» қалайы мен қорғасыннан құйылған 7 Оскар мүсіншесіне ие болды. АҚШ президенті Дональд Трамптың ислам діні кең тараған жеті мемлекеттің азаматтарына елге келуге салған тыйымы «Оскарға» да әсер етпей қоймады. «Оскарға» үміткер атанған сириялық фильмнің операторы Халед Хатибке Америкаға кіруге рұқсат берілмеді. Ол түсірген «Ақ дулығалылар» фильмі «Үздік қысқаметражды деректі фильм» номинациясымен Оскар сыйлығына жеңіп алды. Шетел тіліндегі үздік фильм атанған «Коммивояжёр» (Иран) картинасында басты рөлді сомдаған ирандық актриса Таране Алидусти Д.Трамп жарлығына наразылық ретінде АҚШ-қа барудан үзілді-кесілді бас тартты.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2017 г. 569 0