
Бейсенбі күні облыстық филармонияның «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы қаланың кішкентай тұрғындарына Нина Гернеттің «Балапан қаз» ертегісінің желісімен «Ғажайып ертегі» қойылымының премьерасын ұсынды.
Бұл қойылымда Алена есімді қыздың балапан қазы жоғалады. Оған ержүрек кірпі көмекке келіп, қу түлкіден айласын асырады. Өзі емес, залдағы көрерменнің көмегімен. Себебі, бүлдіршіндер әділдік орнатып, адал достықтың үлгісін көрсету үшін барын салады. Осылайша, Эрнест Машраповтың жетекшілігімен өткен қойылым сәтті шықты. Оған залдағы талғаммен жасалған өзгеше декорация мен кейіпкерлер арасындағы үйлесім дәлел болғандай.