Үштілік - болашаққа бейімделу баспалдағы

Үштілік - болашаққа бейімделу баспалдағыЕлбасының Жолдауында білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс екені айтылды. Осы орайда Мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру алшақтығын азайту, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берді.
Ағылшын тілі бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техника-ның, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолда-нылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілі бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.
Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға кездескен кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді.

Ақбота ЖҮСІПБАЕВА,
№142 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Шиелі ауданы,
Бірлестік ауылы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 642 0