Кәсіби шеберлікке жетелейді

Менің Елбасы Жолдауынан түйгенім, Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді.
Міне, осы негізгі басымдықтар экономиканың әлемдік өсімін және озық 30 елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Осы орайда Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Осы арқылы заңнама жаңа жағдайға бейімделмек.
Биылдан бастап Елбасының бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Кәсіптік білім беру жүйесінде, Ұлт көшбасшысы атап өткендей, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар даярлауға ден қоя бастағаны қуантады. Осы ретте мұғалімдер қауымының атынан Елбасы Жолдауын қолдай отырып, ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек ету арқылы, келешек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына өз үлесімізді қосатынымызды жеткізгім келеді.

Ғалия ЖАҢАБАЕВА,
№37 мектеп-лицейі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Сырдария ауданы, Шаған ауылы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 376 0