Әлеуметтік саланың әлденуі

Талсуаттағы мүгедектерді оңалту орталығында Президент Жолдауы талқыланды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Бақытжан Сәркеев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров қатысқан жиында маңызды құжаттың мәні айқындалып, мақсаты таныстырылды. Сондай-ақ, мұнда әлеуметтік саладағы күрделі мәселелердің шешілуіне басымдық берілгені, бюджет қаражатын қатаң бақылау, экономиканы әртараптандырып, кәсіпке бет бұрғысы келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету басты назарға алынғаны айтылды.
– "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдау – елдің жаңа даму дәуірін айқындап берген бірден-бір құжат. Онда белгіленген бес басымдықтың әрбірі экономиканы, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Өздеріңіз білетіндей, қазір кәсіпкерлікпен айналысуға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіп көзін табуына, олардың әлеуметтік жағынан қорғалуына бар жағдай жасалуда. Ендігі біздің мақсат – жүктелген міндеттерді жүйелі орындап, әлеуметтік саланың әлденуіне үлес қосу, – деді Б.Сәркеев.
Осылайша, Жолдау маңызын арттырған басқосу халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтқанын байқатты. Ел елдік жобаны демейтіндігін жеткізді.

Мөлдір СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 456 0