Бейсенбі күні Шиелі кентінің тұрғындары республикалық АНТ тобы мүшелерімен кездесті.
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Жағыпаровтың қысқа хабарламасынан соң мінберге АНТ тобының жетекшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев көтерілді. Елбасы Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелерді, салалық істерді жіктеп айтты. Халыаралық маңыздағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі елімізде 2787 шаршы метрді алып, екі құрлықты жалғастырып жатса, оның Қызылорда облысындағы көлемі 817 шаршы метрді құрайды. Оның игілігін Сыр өңірі жұртшылығының көріп отырғандығы да рас. Сонымен қатар облыс тұрғындарының ұсынысы бойынша, «Сексеуіл-Жезқазған» темір жолы былтырдан бері іске қосылды.
– Биылғы жылы Ботабай ауылының кіреберісі және Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе-Самара» тас жолы да күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтілуде, – деді Әсет Асанұлы.
Сондай-ақ ол барлық сауалға жан-жақты жауап берді.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.