Бейсенбі күні «Болашақ» университетінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды насихаттау және түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Оған экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен студент-жастар қатысты.
Кездесу жиынында вице-министр М.Мырзағалиев Елбасы Жолдауынан туындаған мiндеттерді атап өтті. Мұнан соң сөз алған Б.Досманбетов: «2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу – біздің басты мақсатымыз. Ол үшін еліміздің үшінші жаңғыруы – жаңа цифрлық технологияны қолдана отырып экономиканы дамту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтумен сипатталады. Міне, осы орайда Жолдауда барлық саланы дамыту жайы жан-жақты қамтылған», – деді ол.
Ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің сөзінше әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі – білім. Сондықтан да, Елбасы бұл басымдық бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда маңызды міндет. Президент білім саласын дамыту туралы айтқанда, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабі¬летін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін алға тартады.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.