Гарнизондық жиын

Гарнизондық жиынКеше жергілікті полиция қызметі ғимаратының алаңында полицияның кешенді күш-құралдарының, жеке құрамының және Ұлттық Ұланның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. 
Дәстүрлі шараның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің түр-тұлғасын, киім-киісін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуын тексеру. 
Іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысты. 
Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қызметке әзірлігі, түр-тұлғасының, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуы тексерілді. 
Одан әрі жиын халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосқан күзет ұйымдарының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты. Айта кетерлік жайт, қылмыс пен құқық бұзушылықпен қарсы күресте, оның алдын алуда жыл басынан күзет ұйымдары полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді.  
Гарнизондық жиын жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды. 
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 612 0