Биыл "нөлінші" сынып енгізіледі

Биыл "нөлінші" сынып енгізіледі2017 жылдан бастап елiмiзде нөлiншi сынып пилоттық режимде енгiзiледi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Нөлiншi сыныпты енгiзу – 12 жылдық оқытуға көшудiң, яғни «0+11» жүйесiнiң ең бiрiншi толқыны. Нөлiншi сыныпты толығымен 2019 жылы енгiзудi жоспарлап отырмыз. Оны мектепте және балабақшада оқуға болады. Пилот ретiнде биыл бастаймыз. Оқулықтар, бағдарламалар дайын. Ендi бiзде мыңнан астам балабақша мен мектеп пилоттық жүйеге жазылған. Оның iшiнде бәрiне беремiз бе, соны талқылап, бiр шешiмге келемiз», - дедi бiлiм министрi.
Атап өтсек, 2016-2017 оқу жылында алты жастағы балғындар бiрiншi сыныпқа барса, келесi оқу жылында пилоттық режим енгiзiлген бiлiм мекемелерiнде балалар 5 жасынан бастап «нөлiншi» сыныпқа қабылданады. Осылайша, олар мектептi 18 жасында бiтiредi.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 566 0