Департамент басшысы Арал ауданында қоғамдық қабылдау өткізді

Департамент басшысы Арал ауданында қоғамдық қабылдау өткіздіҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген мәселелері бойынша өткен қоғамдық қабылдауға 12 тұрғын келді. Олардың басым көпшілігі жұмыссыздық мәселесі бойынша сауалдарын қойды, сонымен қатар, аудандағы уақыт белдемесіне қатысты да мәселе көтерілді. Абзал Мұхимов тұрғындарға жүгінген мәселелерін заң аясында шешуге ықпал жасайтынын айтып, көтерілген бірқатар мәселені заң жүзінде зерттеп, бақылауға алатынын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2017 г. 566 0