Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде кеңес отырысы өтті

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде кеңес отырысы өттіБүгін Арал ауданының әкімдігінде облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қызылорда облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы» мәселені Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясына Арал ауданы бойынша әзірлеу жөніндегі жұмысшы комиссияның отырысы өткізілді.
Облыстық мәслихаттың депутаты, комиссия төрағасы И.Оңғарбаевтың және аудан басшысы М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен мақсатты бас қосуға Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының басшысы М.Қосымбет, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ө.Пашкенов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Б.Ахмет, «Қызылордасушаруашылығы» облыстық КМК-ның директорының орынбасары Ж.Ерназаров және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ж.Ахметовтар арнайы қатысты.
Кеңес отырысында бір ғана мәселе, яғни, Қызылода облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары талқыланды.
Осы ретте, жиында ең алдымен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрғалиев Арал ауданы бойынша бүгінгі таңға дейінгі атқарылған шаралар бойынша хабарлама жасап өтті.
Баяндама барысында белгілі болғандай қазіргі уақытта аудан бойынша 421 ауыл шаруашылығы құрылымдар өз шаруашылықтарын жүргізуде, олардың 11-і заңды тұлғалар, 410-ы шаруа қожалықтары. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2016 жылы 4000,2 млн. теңге болып, 2015 жылмен салыстырғанда 100,4 пайызға артып отыр.Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басым бөлігі негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Ауданда жылдан жылға мал басы қарқынды өсіп келеді.
Осыған орай жиынға қатысушылар тарапынан агроөнеркәсіп саласын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып келе жатқан мал дәрігерлерінің жағдайын жасап, әр ауылдық округтерінде бой көтерген арнайы ветеринариялық пункттерді заман талабына сай етіп жасақтау, шегірткемен күрес жұмыстарын уақытылы, жүйелі ұйымдастыру сынды бірқатар ұсыныстар жолданды.
Осылайша кең ауқымды талқылаудан кейін облыстық басқарма өкілдері мен депутаттар әр ұсыныс орынды екенін айтып, тиімді бағытта жұмыс жасау үшін тиісті шаралар жүргізетіндіктерін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2017 г. 650 0