
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашақ» медицина колледжінің мәжіліс залында орталық жанынан құрылған Еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізді.
Ерікті жастармен кездесудің негізгі мақсаты жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, қоғамның жалпы және саяси мәдениеті деңгейінің көрсеткіші - толеранттылықтың маңыздылығын жастар бойында қалыптастыру, сондай-ақ, азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек және мейірімділік сезімін арттыру болып табылады.
Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, «Қызылорда облысы жастар Одақтары» ҚБ-нің төрағасы С.Әбіл және белсенді ерікті жастар қатысты. Аталған шара барысында Еріктілер клубының жаңа мүшелерін қабылдап, арнайы бейдждер табысталды. Іс-шараға 50-ге жуық ерікті жастар қамтылды.