
23 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Шараны ашқан қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов жиынға қатысушыларды бүгінгі қоғамдық тыңдау мақсатымен таныстыра отырып, "Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050» Жолдауында берген тапсырмасын орындау үшін «Нұр Отан» партиясы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сапасын арттыру жұмысын басқарып, олар үшін кедергісіз орта жасауға аса назар аударғанын, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасындағы бастаманың бірі халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсету болып табылатынын айтты.
Күн тәртібі бойынша аймақтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар және оған мемлекеттен қаралған әлеуметтік бағдарламалар туралы облыстық жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева толық есеп берсе, облыстық "Мүгедектер қоғамы" ҚБ төрағасы Мұрат Жұмаділлаев Қызылорда облысы бойынша жұмыспен қамтылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар жайында хабарлама оқыды.
Шара барысында жиынға қатысушы Үкіметтік емес ұйым басшылары тұщымды ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті. Атап өтер болсақ, "Жәрдем-Содействие" ҚБ төрайымы Жанат Аликулова "Мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды азаматтар тарапынан аймағымызда болатын «қайырымдылық шараларын» азайтып, тиісінше, олардың аяққа тұрып кетуі үшін қоғам болып өздері жұмыс жасауына ықпал жасау, құқықтық сауаттылығын көтеру" мәселесін алға тартса, "Ұшқын" мүгедектер құқығын қорғау ҚБ төрағасы Бақыт Жұмашев «Мүгедектер құқығын қорғау» ұйымдарына мемлекеттен бөлініп жатқан қаражатты аумақ бойынша тікелей қадағалау үшін бақылау инспекциясы құрылса" деген ұсыныстар берді.
Шараны қорытындылай келе, ұсыныстар жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта оң шешімін табуына партия тарапынан ықпал жасалынатыны айтылды.