Арал. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы Қамыстыбас көлі аумағында туризм аймағын ұйымдастыруға ерекше мән беріліп келеді. Бұл облыстық деңгейде қолға алынып отырған жұмыстың бірі саналады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада «Өңіріміздегі туризм саласын дамыту мақсатында Қамыстыбас көлінің жағалауында 100 орындық пансионат-профилакторияның эскиздік жобасы жоспарлануда. «Қамыстыбас-Арал демалыс аймағында» қажетті инженерлік инфрақұрылымдар жүргізу мәселелері талқыланып, тиісті бағытта тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда жалпы көлемі 494 гектар құрайтын демалыс аймағында «Саутс Ойл» компаниясы инфрақұрылымдар жүргізу жұмыстарын бастады» делінген.