Хабарландыру

2017 жылдың 16 қаңтары мен 12 ақпан күндері аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Портал арқылы:
– әрбір  150-ші қызмет алушыға ұялы теле¬фон және ақпарат тасығыш (флешка) 
– әрбір  500-ші қызмет алушыға смартфон теле¬фон
– әрбір 1500-ші қызмет алушыға роутер модемі
– әрбір  1800-ші қызмет алушыға планшет
– әрбір  3000-шы қызмет алушыға ноутбук
– 4500-ші қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады. 
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді  пайдаланушылар арасында жүргізі¬леді:
1) Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
2) Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдем¬десудің белсенді нысандарына қатысуға жолда¬малар беру
3) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
4) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру
5) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толық¬тырулар мен түзетулер енгізу
6) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
7) Медициналық қызметке лицензия беру
8) Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
9) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құрал¬дарының, психотроптық заттар мен прекур¬сорлардың айналымына айланысты қызметтерге лицензия беру
10) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
11) II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекет¬тік экологиялық сараптама қоры¬тындысын беру
12) Жобалау қызметіне лицензия беру
13) Іздестіру қызметіне лицензия беру
14) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына ли¬цен¬зия беру
15) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
16) Мұрағат анықтамаларын беру
17) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
18) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәме¬летке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру
19) Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру
20) Тұрғын үй көмегін тағайындау
21) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру 
22) Жолаушыларды облысаралық қалааралық, аудан¬ара¬лық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қаты¬наста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қаты¬наста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасы¬малдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру
23) Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәміле¬лерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қам¬қоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
24) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.

ЖАРНАМА 21 қаңтар 2017 г. 1 143 0