«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
электронды поштасы: kzokksomu@mail.ru
пошталық мекен-жайы: индекс 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы № 27, 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі сапа мен көлемді бақылау нәтижелері бойынша босатылған қаржыға қызметтер берушілерді (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:
медициналық көмектің түрлері бойынша: білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған;
медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер Қызылорда облысы аумағында көрсетілуі тиіс.
Рәсімге қатысуға өтінімдер және нысандары www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ-ге, 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №27 мекен-жайы бойынша, немесе Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (келесіде – «Халыққа қызмет көрсету орталығы») КЕ АҚ филиалына ұсынады.
Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2016 жылдың 16 қарашасы сағат 18:00-ге дейін, Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»-на ұсынудың соңғы мерзімі 2016 жылдың 15 қарашасы сағат 18:30-ға дейін.
Рәсімге қатысуға өтінімдер 2016 жылғы 17 қараша, сағат 15:00-де мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы № 27, № 305 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7242) 23-41-82, 23-41-95.