« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Базар барған жұртшылық бұл күнде азық-түлік бағасының едәуір қымбаттағанын байқайды. Әйткенмен, шаруалардың да еңбегі ақталу керек.
– Базарда ет қымбат деуге келмейді, қымбаттады десек болады. Күріш те солай. Қанша уақыттан бері тыңайтқыштың да, жанар-жағармайдың да бағасы бірнеше мәрте өсті. Содан келіп, жоңышқа, шөп те қымбаттады. Ал малды ұстап тұру үшін жем-шөп ауадай қажет. Сол себепті, мал азықтық дақылдарды қымбаттатпаса, шаруалардың еңбегі ақталмайды. Осыдан да ет бағасының да көтерілуі заңдылық, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.
Оның үстіне, қазір ет өнімін экспортқа жөнелтіп жатырмыз. Әсіресе, Түркістан, Жамбыл облыстарынан көптеп кетуде. Мұның да ет бағасының артуына бір себеп екенін айтты басқарма басшысы. Айта кетейік, жыл басынан бері Иранға 789, Өзбекстанға 59 бас мүйізді ірі қара экспортталған.
Дәулет ҚЫРДАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |