« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Осыдан екі-үш жыл бұрын жол түсіп бұрынғы Темір кеңшарына, бүгінгі Шәмші Қалдаяқов ауылына бардым. Ұлы сазгердің ауылы болған соң оны-мұныны сұрастырып жатырмын. Шәмшінің балалық шағы, музыка әлеміне әуестігі туралы көрген-білгеннің аузынан түрлі пікірлерге қанықтық. Өз кезегінде Асылхан Байжанов деген азаматтың ойы мені еріксіз баурап алды.
– Шәді төренің ұстаханасы болған жерде Қалдаяқ ауыл шаруашылығына қажетті құрал-саймандарды жасап, шеберлігімен ауылдастарының сый-құрметіне бөленген жан еді. Қасиетті кісі болды. Ал, әйелі Сақыпжамал да елге сыйлы болған. Ол жарық дүниеге әкелген сәбиіне азан шақырып, есімін Жәмшид қояды. Бала анасының әлдиін тыңдамаса ұйықтамаған екен. Анасы Естайдың «Қорланын» ыңылдап айтып отырып тербеткеннен бе, Шәмшінің өмір бойы сүйіп айтатын әні «Қорлан» болыпты. Шәмші мектеп жасында әкесінің домбырасын ұстап, сырнайын тартып жүрді. Ауылға келген сыған жігітінен мандолина сатып алды. Осылай өнерге жақын болып есейген, – деді ол.
Одан кейінгі өмірі белгілі, алдымен Қапланбектегі зооветтехникумды бітірсе, кейін Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесінде, сосын Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды.
Бұл жердегі әңгіме Шәмші жөнінде емес, оның әкесі Қалдаяқ жайлы болмақ. Асылханның айтуынша, ұстаның қолданған ескі дүкені әлі сақталған екен. Түнделетіп дүкеннің қасынан жүрексініп, қорқасоқтап өтетін көрінеді. Себебі, үнемі балғаның соққысы естіліп тұрады. Соған қарап, дүкен ұстаған Қалдаяқ та тегін адам болмағаны ғой деймін. Тектіден текті шығады дейтін еді, Шәмшінің де шығармашыл қадамы әкесінен дарыған сияқты. Өйткені оның да домбыра шертіп, сырнай ойнайтын қабілеті болған.
Қаныбек ӘБДУОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |