« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Шетелге шыққанда жақындарыңыздың «Сыйлық алуды ұмытпа!» деген сөзін жиі еститін шығарсыз. Ал Сырға келгенмеймандар естелікке қандай зат алып кетеді, көз жауын алар кәдесыйларды қайданалуға болады? Көптің көкейінде жүрген сан сауалға жауап іздеген едік.
Байқағанымыздай,бізде ол үшін арнайы сауда нүктелері ашылған. Соның ішінде белгілі қолөнершеберлері мен суретшілердің, зергерлер мен этно-дизайнерлердің қайталанбастуындыларын нарыққа шығарып отырған «Қолөнер» орталығының әрбір дүниесі ерекшеәсер қалдырады. Орталық қаладағы бес жұлдызды «Sultan Plaza» қонақ үйініңішінен дүкен ашқан. Құрылтайшысы Аида Керімқұлованың айтуынша, туристерағылатын мұндай нысанда ұлттық брендті дәріптеумен қатар кәсіптің көркінқыздыруға мүмкіндік жоғары.
–«ПромКоммерц КА» жеке кәсіпкерлігін ұмыт бола бастаған ұлттық туындылардыжаңғырту үшін аштым. Оның ерекшелігі – ісмерлікке ден қойған жандардың басынқосуында. Бұрын бұйымдарын рұқсат етілмеген орындарда сататын қолөнершілертүрлі қиындық көретін. Осы жағдайды саралай келе тәуекелге бел будым. Оныңүстіне қазір кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Үш жылды қамтитын «Жаппайкәсіпкерлікті дамыту жылы» бастамасы біз үшін үлкен қолдау болып отыр. Ресей,Үндістан, Қытайдан келген қонақтар әуелі осында келеді. Тың туындыларғатаңданып, бағасын беріп жатады, – дейді кәсіпкер.
ДүкендеБекзат Жақыпов, Жәнібек Маханбетов, Құдайберген Құлмамбетов, Жібек Алтаева,Айсұлу Әскербекова секілді қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындыларықойылған екен. Сыр елінің символын бейнелеген кәдесыйлардың жөні бір бөлек.Мұнда ұлттық нақышта тігілген кеңсе киімдерін, жолсөмке, қоржындарды дакезіктіруге болады. Қызметкерлер жарнама ісінде де ерекше тәсіл қолдануды жолғақойған. Олар әлеуметтік желіде тұтынушысына ұсынып отырған әр тауардың шығутарихын, оның салт-дәстүрге қатысты маңыздылығын сипаттап отырады. Бұл біржағынан қазіргі таңда кәсіп жүргізуде қажетті әлеуметтік желі маркетингініңмаңызын айқындап тұр.
–Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра, қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылассонау ғасырлардан бері өзектілігін жойған емес. Алайда, бұрындары біз төлтуындымыздың небір асылынан айырылып қала жаздадық. Бірақ, ел ішінен шыққаншеберлер ұлттық дәстүрдің, ұлттық бірегейліктің белгісін жоғалтпады. Бүгіндеқазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойылып, оны қайта жаңғыртуды өзіне міндететкендер көп. Біздің орталықта да қолөнерді заманауи технология тіліменүндестіріп жүрген жандар аз емес. Олар отандық тауарға деген қызығушылықтыарттыруға септесіп келеді. Мәселен, алыстан ат арылтып келген қонақтаршеберлердің еуропалық киімді өзіміздің ұлттық нақыштағы ою-өрнектерменбезендіріп, жарыққа шығарғанына тәнті, ағаштан ойылып жасалған Қорқыттыңқобызы оларға рухани серпіліс сыйлайды. Бағалар қолжетімді. Бұл дүниелерөзіндік бренд қалыптастыруға да үлкен көмек, – дейді А.Керімқұлова.
Мақаланыбизнес саласының танымал авторы Йеспер Кунденің «Бренд – табыс әкелетінкепіл» деген сөзімен қорытындылауды жөн санадық. Себебі, бізде бренд барынаешкімнің таласы жоқ. Тек мақтауын асырып, қолдаудан танбасақ, өзіндікбрендіміздің берекесін кіргізуге болатынын айтқымыз келеді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |