Шетелдік жұмыс күші: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

Еліміздің еңбек нарығына шетелден жұмыс күшін тарту арнайы заңнамалармен реттелген. Жұмыс берушіге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берілгенде өзімізде де  жұмыс іздеп жүрген мамандардың бар екені ескеріледі.   Егер шетел азаматы атқаратын қызметке жергілікті жұмыс күшін тартуға мүмкіндік болмаса, маман жоқ болған жағдайда,  шетелдіктің біліктілігі жоғары болса, шетелдікті кейін ауыстыру үшін жергілікті мамандарды оқытса, шетелдік өтеусіз (қайырымды) қызмет жасаған жағдайда рұқсат беріледі.  
Еліміздегі бос қызметтерге жұмысқа орналасу кезінде бі­ліктілігі мен мамандығы бірдей болса, жергілікті маманның шет­ел азаматынан басымдық құ­қығы бар. Жұмыс берушілер жер­гілікті жұмыс күшін бос жұ­мыс орындарына қабылдау үшін шаралар қолдануға міндетті. Компаниялар шетел жұмыс кү­шін тартуға рұқсат алғанға дейін бос орындар мен қажет ма­мандар туралы бұқаралық ақ­парат құралдары арқылы ха­лыққа ақпарат, уәкілетті орган­ға бос орындар туралы өтінім беруге, жұмыссыз азаматтар үшін қосымша жұмыс орында­рын құруға міндетті.  Ішкі ең­бек нарығын қорғау, шетел жұ­мысшылары мен маманда­рын тарту үшін шектеулер бел­гіленген. Рұқсат алу уақы­тында шетел азаматының жасы 23-ті толтырған және біздің елдегі белгіленген зейнет жасынан аспауы керек. Шетел жұмыс күшін тарту белгілеген квота шегінде рұқсат етіледі.
Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев ұсынған мә­­ліметтерге қарағанда, облыс аумағында 23 бірлескен кә­сіп­орын бар. Оларда 6281 қазақ­стандық, 925 шетел азаматы жұ­мыс атқарады.  
Шетелдік жұмыс күші тар­тылған субъектілерде еңбек заңнамасы сақталуын тексеру кезінде арнайы шарттарды орындау, бірдей қызметтегі жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақы көлеміндегі айыр­ма­шы­лық, шетелдік қызмет­кер­лер­ді рұқсат етілген маман­дықтар бойынша тарту және жалақыларының мөлшері мен төлемі, жұмыскерлерге қалып­ты жұмыс жағдайын жасау мәсе­лелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік еңбек инс­пек­торлары өткен 9 айда шетел жұ­мыс күші тартылған 7 кә­сіп­орынға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, қорытындысымен 30 заң бұзушылықты анықтады. Оларды жою және болдырмау жөнінде 13 нұсқама беріп, 865800 теңге мөлшерінде 6  әкім­­шілік айыппұл салып, толық өндірді.
Облыстық прокуратурамен бірлескен жоспардан тыс тексеру «ПетроҚазақстан Құмкөл­Ре­сорсиз» АҚ, «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ, «Гежуба-Шиелі цемент компаниясы» ЖШС, «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС, «ИБК «Сибу-Қы­зылорда» серіктес­тік­терін қамтыды. Оның ішінде, «Гежуба Шиелі Цемент Компания­сы» ЖШС-да 7 заң бұзу­шылық фактісі анықталған. Еліміздің Еңбек кодексінің кей­бір талаптары бұзылған. Жұ­мыс берушінің актілерінде, ең­­бек шартында көзделген жал­­ақы уақытылы және толық мөл­шерде төленбегені, еңбек шар­ты тоқтатылған кезде  ең­бек демалысының пайдала­ныл­­маған күндері үшін өтем­ақы есептелмейтіні және жыл сай­ынғы ақы төленетін еңбек демалысының кестесі бекітіл­мегені анықталды.
Еңбек кодексі, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң бұйрығы бойынша бекітілген қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бі­лім­дерін тексеру қағидала­ры­ның талаптары да сақталмай отыр. Серіктестікке жұмысқа қа­был­данған жұмыскерлер ең­бек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалардан өткізілмеген. Тексеру нәтиже­сімен еңбек заңнамасы бұзы­луын жою және болдырмау туралы  нұсқама беріліп, аталған заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шара көрілді.
Ал «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС фи­лиалы Қазақстан Респуб­ликасының 8 азаматына «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сай экологиялық дағдарыс аймағы бойынша тө­­­­ле­­нетін 1,3 коэффициентті бер­­­­меген. Еңбекке ақы төлеу ке­­­зін­де Шиелі ауданының эко­ло­гия­лық дағдарыс аймағы еке­­ні есепке алынбаған.  Бұл – Еңбек кодексінің  екі бабының талап­тарының бұзылғанын білдіреді.  
Оған қоса еңбек шарттары­ның мазмұны еңбек заңнамасы­ның нормасына сәйкес келмеу фактілері, жұмыс беруші та­рапынан жұмыскерлердің нақ­ты жұмыс  істеген жұмыс уақы­тын есепке алу құжаты  (табель)  жүргізілмегені және жұ­мыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кестесі әзірленбегені анықталған. Филиалдағы қыз­меткерлер жұмысшы кәсіптері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өткізілмеген.
Өткен 9 айда  шетел жұмыс күші тартылған екі кәсіпорында 2 жазатайым оқиға тіркеліп, одан 3 жұмыскер ауыр дәрежелі жарақат алған. Бұл оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіліп, материалдары ішкі істер органдарына жолданған.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
"Сыр бойы".
ЖАРНАМА 20 қазан 2018 г. 1 212 0