« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ойдан ой туады демекші, жақында ағайынның қуанышына ортақтасып, тойына бардық. Зәулім тойхана. Сәні келісіп, түрлі-түсті безендірілген. Ағамыз бен жеңгеміз барын салып, тойға келген қонақтарды күтіп, тиісті орындарына жайғастырып жүр.
Көп ұзамай салтымен, жас жұбайлар әнімен ортаға басты кейіпкерлер де шықты. Той төрінен орын берілді. Бәрі де ретімен өтіп жатты. Асаба жастарға той тортын кестіріп, ата-анасына үлестірді. Мұнан кейін қалыңдықты жалғыз ортаға шығарды. Сонымен асаба залда отырған бойдақ қыздарды шақыра бастады. Әдемі қазақ қыздары, бірінен бірі өткен сұлу. Бұрымдары да ұзын екен. Қалыңдықтың қасына жиналғаннан кейін асаба қыздарға гүлді қағу рәсімі болатынын айтты. Содан әлгі сыпайылықты сақтап, сызылып тұрған аруларымыз дайындала бастады. Қалыңдық артқа қарап қолына ұстаған гүлін лақтырғаны сол еді, әлгі қыздар бірін-бірі соғып, көкке көтерілген гүлге таласты. Тіпті, төбелесуге дайын тұр. Құлап-жығылып жүріп, бір бойжеткен қағып алды. Бақыттан жүзі балбұл жанған. Тойхананың сыртында ақ боз атты ханзадасы күтіп тұрғандай. Үлкендер жағы жақтырмай қарады. Расымен, сырт көзге оғаш көрінеді. Қазақ қыздарына мүлдем жат қылық.
Бұрын әлеуметтік желілерде мұндай оқиғаның талайын көрген болатынмын. Аяғы үлкен дауға ұласып, қоғамдық талқылауға түсіп жататын. Бүгін өз көзіммен көріп, тіптен ұялдым. Сол қағылған гүл шынымен сәттілік әкеліп, аруымыз көп ұзамай тұрмысқа шығып кетеді ме? Әй қайдам. Бір сіңілім сондай гүлдің төртеуін қағып, жасы жиырма бестен асып әлі жүр. Тәуір жігіт болса, таныстырғанды құп көреді. Әлде қаққан гүлдерінің әсері болмағаны ма? Бұл тек жай сенім ғана.
Осы ретте батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыз өзінің әйелдер қауымымен кездесулерінде үнемі қыздарға, соның ішінде тұрмысқа шыққалы жүрген аруларға тәлімді, тұшымды ойларын айтып, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты да қозғайды. Ол кісі кездесулерінің бірінде берген сұхбатында «Қазақы салтымызға жат дүниені қолдан жасап не керегі бар? Сол гүлдің орнына қыздарымыз бұрыннан келе жатқан үкіні неге таратпасқа?!» деген ойын айтқаны есімде қалыпты. Расында, жақсы дүние. Ой салады. Гүл лақтырып, жалған сенімнің жетегінде жүргенше, ескіден келе жатқан дәстүрді қайта түлеткен дұрыс секілді.
Бір жағынан аруларымыз гүлге таласып, әдепсіз қылыққа бармас еді.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |