ТАЛАНТ - ТАҢДАП ҚОНҒАН БАҚ

Шығармашылық талант — адамзат бағына жаратылған Тәңірдің сыйы. Осындай, "Тәңір сыйлаған талант", әріптесіміз Қаныбек Әбдуовқа бұйырған. Ол өмір бойы өне бойына рух дарытып, күш — қуат құйып, қиялының қияға қанат сермеуіне серпін беріп отыратын шығармашылықпен сусындап, оның өміршендігін өзгелерден жоғары қоя білген жан.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОСТАР!!!

Сіздерді Ә.Тәжібаев атындағы орталық кітапханада өтетін Қ.Әбдуовтің "Өмір өткелі" атты шығармашылық кешіне шақырамыз. Шарада жазушының "Өмір өткелі" атты кітабының тұсаукесері, сыйлас дос-жарандар мен әріптестердің жылы лебізі, концерттік бағдарлама қойылады.
Шығармашылық кеш үстіміздегі жылдың 23 қыркүйек күні сағат 10.00-де Ә.Тәжібаев атындағы орталық кітапханасының акт залында өтеді.
Келем деушілерге есік ашық!!!
ЖАРНАМА 19 қыркүйек 2017 г. 1 532 0