«Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министірлігінің қолдауымен «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін (үздік жас отбасылар сайысы) жүзеге асыруда.
Аталған фестиваль-сайыстың басты мақсаты – отбасылық және рухани құндылықтарды, достықты, адамгершілікті, қазақстандық отбасының оң имиджін, отбасылық өмірдің ерекшеліктерін насихаттау.
Республикалық фестиваль-сайыс 2017 жылдың 21 қыр¬күйегі күні Астана қаласында өткізілетін болады.
Сайысқа жасы 29-ға дейінгі жас көпұлтты отбасылар, қызықты тағдыры бар отбасылар, жұмысшы мамандықтары әулеттерінің өкілдері қатыса алады және сайыс 2 кезеңнен тұрады.
Қатысушыларды іріктеу келесі шарттарға сәйкес жүргізіледі:
- отбасы мүшелерінің жетістіктері (жанұя тарихын білу);
- отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;
- өз тарихын білуі (шежіре);
- отбасы таланттары; өмір сүру стилі (салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытты өткізу және т.б.).
Фестиваль-сайыстың 1-іріктеу кезеңіне өтінім толтыру:
- отбасылық альбомнан фотосуреттер;
- «Менің отбасымның тарихы – менің елімнің тарихы» тақырыбына эссе (1000 сөзден кем емес) жазу керек. Бұл эсседе өз отбасыңыздың тарихын, отбасы мүшелерінің ерекше жетістіктерін, отбасыны біріктіретін өмірде орын алған оқиғалар және т.б. жазуға болады.
Құжаттар топтамасын электрондық түрде orkeniet_kz@mail.ru электрондық поштасына 2017 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жіберу қажет. Хат тақырыбында «Фестивальге өтінім» деп көрсетілуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі, 33 Б үйде орналасқан «Жас отбасыларға қолдау көрсету» ресурстық орталығынан немесе 8 (7242) 92-52-87, 8 775 125 10 20 телефондары арқылы біле аласыздар.