«Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті анықтау үшін қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жоба бойынша мәлімет

Жобаның атауы: Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуе-жайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы.
Жобаны іске асыру саласы: Жоба әуе көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдары саласында өткізіледі.
Мақсаты және міндеті: Халық¬ара¬лық стандарттар мен ИКАО ұсы¬ным¬дарына (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) және Қазақстан Республикасының аумағындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы. Жобаның мақсаты аймақтағы авиацияны дамыту және жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Жаңа әуе терминалының  құрылысы әуе кемелеріне көрсетілетін әуе қызметтерінің сапасын көретурге, халықаралық стандарттардың талаптарына сай қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз  етеді, Қызылорда қаласы әуежайынан (әуежайына), оның ішінде халықаралық  жолаушылар айналымын көбейтуге, сонымен қатар жүк айналымы көлемін өңдеуді көбейтуге мүмкіндік береді.
«Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:
Тиімді өткізу қабілеттілігі – сағатына 250 жолаушы;
Терминал – 2 қабатты;
Телескоптық траптардың төменгі саны – 2 дана;
Жер учаскесінің жалпы көлемі – 3,7973 га.
Жобаны іске асыру орны: Қы¬зыл¬орда қала¬сындағы қолда¬ныс¬тағы халықаралық әуежайдың аумағында.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 20 жыл, оның ішінде:
Құрылыс кезеңі: 1,5-2 жыл;
Пайдалану кезеңі: 18 жыл.
Жобаның техникалық-эконо¬ми¬калық негіз¬де¬месіне (2014 жылғы 14 сәуірдегі №01-0208/14 «Мемсараптама» РМК-ның қоры¬тын¬дысы) сәйкес, құрылыс мерзімдері шамамен  және болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптес 2017 жылдың  9 қазанға дейін «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техни¬калық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуі керек, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.
Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, Әкімдік ғимараты, 4-қабат, №429 кабинет.
Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облы¬сының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мем¬лекеттік мекемесі.
Байланыс үшін:
Макашева Дария 8 705 603 65 92,
e-mail: d.makasheva@korda.gov.kz. dariya.makasheva@mail.ru
Е.М. Жаңабаев, Б. Жұпарбеков
8 (7242) 60-54-75; 8 (7242) 60-54-77
Г.У. Жаманбаев 8 (7242) 26-23-65 («Қорқыт Ата әуежайы» АҚ).
Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.30-ға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекен-жайындағы Әкімдік ғимараты, 4-қабат, 429 кабинетінен алуға болады.
Көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.
ЖАРНАМА 09 қыркүйек 2017 г. 835 0