ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ КАДР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қыз¬мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері 2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап 15 қыркүйекті қоса алғанда құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды іріктеу 3 кезеңде жүзеге асырылады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) кандидаттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрастырған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі және жеке басының қасиеттерін бағалау, логика, ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу;
3) Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органы жасаған кестелерге* сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
«А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы №64 бұйрығымен белгіленген нысандағы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiр¬мелерi;
4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қыз¬мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 22 қара¬шадағы №64 бұйрығымен белгіленген нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;
6) «А» корпусының кадр резервіне кандидаты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіптік және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсыным хаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;
7) өмірбаян;
8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органнан соттылықтың болмауы (болуы) туралы анықтама.
9) Ұлттық комиссияның шешімімен айқын¬да¬латын құжаттар.
Құжаттар қолма-қолпоштамен Қазақстан Рес¬публикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1-құрылыс, 1-қабат, 109-бөлме) немесе e.sarymbetov@kyzmet.gov.kz электрондық пошта арқылы қабылданады.
Құжаттарды қабылдағанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі. Құжаттар поштамен ұсынылғанда, оларды тіркеу туралы қолхат жіберушінің пошталық мекенжайына жолданады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы жібе¬рілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тест басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағ¬дайда кандидат тестке жіберілмейді.
Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем¬қор¬лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсының «А» корпусы» бөлімінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1-құрылыс, 1-қабат, 109-бөлме) 8(7242)70-56-26 байланыс телефоны бойынша алуға болады.
Б.НҰРАЛЫ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы.