« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тымақ қасиетті бас киім болып саналғандықтан оған қатысты біршама әдет-ғұрып бар. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Ел арасында «Шала туып, тымаққа салып өсірген» деген сөздер жиі айтылады. Әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып та бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке бөлеуге келмейді. Ал тымақ жылы әрі ұстауға ыңғайлы болады. Сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі. Егер сәби қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі немесе айыпкер жағының беделді адамдары мен жасы үлкен, жөн білетін ақсақалдарының құныкердің ауылындағылардың алдына барып, «Құдай кешсе, кеш»! Білместік, оқыс кездейсоқтық (қасақана емес) іс болды, кешір!» деп өтінген кезде ортаға ең үлкен ақсақалы бас киімін тастап сөзге, мәмілеге шақырып отырған.
Қызды алып қашу үрдісінде қыз жағының «аяғына жығыла» барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтын дәстүр бар.
Гүлнар ШАКИЗАДАҚЫЗЫ.
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.
« Қаңтар 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |